Корпоративтік жауапкершілікке көзқарас
Клиенттердің, акционерлердің, қызметкерлердің және жалпы қоғамның мүддесі мен үмітін ескере отырып, "Қазақтелеком" АҚ ұзақ мерзімді тұрақты, бизнестің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мен әлеуметтік және экологиялық прогреске қол жеткізу үшін заманауи технологиялар арқылы операциялық қызметке, стратегиялық жоспарлауға, корпоративтік басқару және тәуекел-менеджмент жүйесіне ESG ( Environmental, Social, Governance) қағидаттары мен практикаларын белсенді түрде енгізеді.
Жергілікті қоғамдастықтар
«Қазақтелеком» АҚ бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатын әлеуметтік қызметке көп көңіл бөледі.
Жыл сайын Компания жергілікті қауымдастықтармен өзара қарым-қатынасты басқару тәсілдерін түрлі корпоративтік деңгейлерде жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізеді.

Компанияның жергілікті қауымдастықтармен өзара іс-қимылы ұлттық және халықаралық құжаттардың ережелерімен реттеледі. Атап айтқанда: Корпоративтік басқару кодексі, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (SDG), Жаһандық есептілік бастамасы (GRI), ХҚК мен ЕҚДБ-ның Экологиялық және әлеуметтік стандарттары, сондай-ақ БҰҰ-ның Жауапты инвестициялау қағидаттары.

«Самұрық-Қазына» АҚ Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ компаниялар тобының, оның құрамына «Қазақтелеком» АҚ да кіреді, демеушілік қызметі әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арқылы жүзеге асырылады.

«Қазақтелеком» АҚ телекоммуникация саласында қызмет етеді және Компания қызметінің жергілікті қауымдастықтарға елеулі теріс әсері жоқ. Сонымен қатар Компания клиенттерді қолдау қызметі арқылы түсетін жергілікті қауымдастықтардың пікірлері мен өтініштерін ескереді.

«Қазақтелеком» АҚ Қазақстанның барлық өңірлерінде қызметін жүзеге асырады және еліміздің ірі жұмыс берушілері мен салық төлеушілерінің бірі болып табылады. Компания салықтық міндеттемелерін толық көлемде, уақтылы және жоғары ашықтық деңгейімен орындайды.

Компанияның жергілікті және ұлттық экономикаға, сондай-ақ жергілікті қауымдастықтарға қосқан үлесі мыналар арқылы көрініс табады:
тиімділікті арттыруға бағытталған тікелей іскерлік қызмет;
тікелей және жанама жұмыспен қамту мүмкіндіктерін құру;
әлеуметтік инвестициялар.

«Қазақтелеком» АҚ өзінің қызмет ететін өңірлерінің тұрақты дамуына үлес қосудың маңыздылығын түсінеді және жергілікті қауымдастықтарға оң әсерін күшейту үшін барлық қолжетімді шараларды қабылдайды. Компания өңірлердегі ірі жұмыс берушілердің бірі ретінде жергілікті еңбек нарығының дамуына елеулі үлес қосады. Бұл жауапты тәсіл Компанияның даму стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады. Компанияның негізгі қызметі нәтижесінде қалыптасатын тікелей экономикалық құн еңбекақы төлеу, дивидендтер, салықтар мен мемлекетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, тауарлар мен қызметтерді сатып алу, сондай-ақ ерікті әлеуметтік инвестициялар арқылы бөлінеді.

Мүгедектігі бар адамдар мен егде жастағы клиенттер үшін қызметтердің қолжетімділігі

«Қазақтелеком» АҚ мүгедектігі бар адамдарды, егде жастағы азаматтарды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қоса алғанда, барлық клиенттер үшін телекоммуникациялық қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге ұмтылады. Компания клиенттерге қызмет көрсету инфрақұрылымының қолжетімділігін тұрақты түрде жетілдіріп, әлеуметтік қолдау шараларын іске асырады және әртүрлі клиенттік топтардың қажеттіліктерін ескере отырып қызмет көрсету сапасын арттырады.

Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін телекоммуникациялық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында Компания әлеуметтік жеңілдікті тарифті ұсынады. Тарифке тіркелген интернетке қол жеткізу қызметтері, жергілікті телефон байланысы, Қазақстан аумағында үй телефонынан үй телефондарына шексіз қоңыраулар, сондай-ақ Altel және Tele2 мобильді желілеріне 1 000 минут кіреді.

Мүгедектігі бар адамдар мен егде жастағы клиенттерге ыңғайлы әрі кедергісіз қызмет көрсету мақсатында Компанияның Клиенттерге қызмет көрсету орталықтары мен Сату бөлімшелерінде қолжетімді орта қалыптастырылған. Атап айтқанда, ғимараттардың кіреберістері қозғалысы шектеулі азаматтардың қауіпсіз әрі ыңғайлы кіруін қамтамасыз ететін пандустармен жабдықталған.

Компания қолжетімді және инклюзивті клиенттік ортаны одан әрі дамыту бойынша жұмысты жалғастырып, жасына, денсаулық жағдайына немесе физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан барлық клиенттер үшін телекоммуникациялық қызметтердің қолжетімділігі мен қызмет көрсету сапасын қамтамасыз етеді.

Ақпараттық қауіпсіздік және деректерді қорғау
"Қазақтелеком" АҚ өз клиенттерінің деректерін барынша қорғауды қамтамасыз етуге және киберқауіптерге тиімді қарсы тұруға қабілетті технологиялар мен шешімдерді енгізуге бағдарланатын болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Компания сондай-ақ саладағы өз қызметін тиісінше жоспарлау және бақылау үшін үздік әлемдік тәжірибелер негізінде корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруге ұмтылатын болады. ESG, оның ішінде өзінің ұзақ мерзімді тәуекел профилін азайту
Жеткізу тізбегін басқару
«Қазақтелеком» АҚ корпоративтік басқарудың, әлеуметтік жауапкершіліктің және қоршаған ортаны қорғаудың жоғары стандарттарын негізгі серіктестер, жеткізушілер мен мердігерлер арасында таратуға күш салады.